Астанада «Оян, қазақ!» фильмін түсірген шығармашылық топтың жаңа туындысы – «Қара алтын» драмасының жабық көрсетілімі өтті. Кинотуындының алғашқы көрсетілімі «Chaplin Cinemas» кинотеатрында ұйымдастырылды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Салтанатты шараға өнер және мәдениет саласының өкілдері, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым мүшелері мен кино сүйер қауым қатысты. Көрсетілім соңында көрермендер фильмді тік тұрып қошеметтеп, өз ықыластарын білдірді.
Картинаның продюсері Айсәуле Әбілда мен режиссері әрі сценарий авторы Мұрат Есжан фильмнің жарыққа шығуына қатысты өз әсерлерімен бөлісті.
[video width="576" height="1024" mp4="https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2026/09/document_5267390532249757215.mp4"][/video]
Продюсер Айсәуле Әбілданың айтуынша, «Қара алтын» – мұнай мен бизнес тақырыбын ғана қамтымайды. Фильм адам рухының беріктігі, қайсарлық пен табандылықты арқау етеді.
Көрсетілімге қатысқан қонақтар да туындының көркемдік деңгейіне жоғары баға берді. Олардың пікірінше, фильм қазақы рухты дәріптеп, адалдық пен табандылыққа үндейді. Сондай-ақ картинаны отбасымен бірге көруге болатын сапалы туынды ретінде бағалады.
Нақты оқиғаға негізделген «Қара алтын» бизнес-драмасы
10 қыркүйектен бастап Қазақстанның барлық кинотеатрларында ресми прокатқа шығады.