Мазмұнға өту
qandastar.

Өзбекстан әлем чемпионатындағы алғашқы матчында Колумбияға жол берді

Малика Хамит · · 43 қаралым
Өзбекстан әлем чемпионатындағы алғашқы матчында Колумбияға жол берді

Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы ойынын өткізіп, Колумбияға 1:3 есебімен есе жіберді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Мехикодағы әйгілі «Ацтека» стадионында өткен кездесуде колумбиялықтар басымдық танытып, Даниэль Муньос, Луис Диас және Хаминтон Кампас мергендігімен көзге түсті.

Дегенмен матч өзбек жанкүйерлері үшін тарихи сәтпен есте қалды. Аббосбек Файзуллаев ұлттық құраманың әлем чемпионаттарындағы алғашқы голының авторы атанды.

Алғашқы турдан кейін Колумбия үш ұпаймен топ көшін бастады. Ал Өзбекстан ұпайсыз соңғы орында қалып отыр. Фабио Каннаваро шәкірттері келесі матчта Португалиямен кездеседі.

Бөлісу: Telegram WhatsApp