Фото: ашық дереккөз
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева “US Open 2024” кезінде жасаған құрметсіздік әрекетіне жұрт наразылық танытуда. Спортшы ойын кезінде өзіне доп берген бол-герлді елемеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
БАҚ пен әлеуметтік желілерде қазақстандық теннисшінің мінез-құлқы қызу талқылануда.
"Оның эмоциясы бақылаудан шығып кеткені анық. Өйткені жай ғана өз жұмысын орындауға тырысып, доп берген жас қызды елемеді. Жасөспірім 16 жастан аспаған да", - деп жазады Marca порталы.
Журналист Пирс Морган:"Юлия Путинцеваның жиіркенішті тәкаппарлығы. Доп лақтырған қыз 3-ші допты оның бетіне лақтыруы керек еді", - деді.
"Путинцева өзін кім санайды? Доп берген қызға жаман мінезін көрсетті", – деді бейнеге US Open чемпионы және Германиядан келген сарапшы Борис Беккер.
"Бол-герлдің қолын төмен түсірмеуі мен өз позициясын ұстауы құрметке ие. Эмоция кез-келген ойыншыда болуы мүмкін. Бірақ бол бұл үшін ешқашан зардап шекпеуі керек. Өйткені бұрынғы ойыншылардың көпшілігі өз уақытында бол болған. Менің ойымша, бұл тікелей "қызыл карта" беруге лайық әрекет”, - деп әзілдеді американдық сарапшы Брэд Гилберт.
Италиялық Жасмин Паолиниге қарсы матч кезінде болған оқиғадан кейін қазақстандық теннисші өзінің бұл әрекеті үшін кешірім сұрады.
"Бол-герлден өзімді қалай ұстағаным үшін кешірім сұрағым келеді. Шынымды айтсам, мәселе онда емес. Менде брейк-пойнт болған ойында жеңіске жетпегенім үшін өзіме қатты ашуландым. Содан кейін қатты күйзеліп, не болып жатқанын және маған допты кім беріп жатқанын да ескермедім", - деді Путинцева.