Мазмұнға өту
qandastar.

Парагвай пенальтиде жеңіп, Германияны жарыстан шығарды

Малика Хамит · · 568 қаралым
Парагвай пенальтиде жеңіп, Германияны жарыстан шығарды

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында күтпеген нәтиже тіркелді.

Парагвай құрамасы плей-офф кезеңінде Германияны жеңіп, турнирдің келесі сатысына өтті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

АҚШ-тың Фоксборо қаласындағы «Джиллет» стадионында өткен кездесудің негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды.

Бірінші таймның соңында Хулио Энсисо есеп ашып, Парагвайды алға шығарды. Алайда үзілістен кейін Германия сапынан Кай Гаверц мергендік танытып, таразы басын теңестірді.

Қосымша уақытта немістер жеңіс голын соққандай көрінген. Джонатан Та бұрыштамадан кейін қақпа торын тулатқанымен, бейнеқайталау жүйесі (VAR) эпизодты қайта қарап, ережебұзушылық тіркелгендіктен гол есепке алынбады.

Ойын соңына дейін есеп өзгермей, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Шешуші сәтте Парагвай футболшылары дәлдік танытып, қарсыласын 4:3 есебімен жеңді.

Осылайша, Парагвай құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды. Келесі кезеңде оңтүстікамерикалық команда Франция мен Швеция арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі. Ал Германия құрамасы турнирдегі өнерін аяқтады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp