Мазмұнға өту
qandastar.

Париждік клуб Чемпиондар лигасының финалына жолдама алды

Бақытжан Мұса · · 155 қаралым
Париждік клуб Чемпиондар лигасының финалына жолдама алды








Paris Saint-Germain Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы қарымта кездесуде Bayern Munich командасымен тең ойнап, турнир финалына шықты. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Stan.kz порталына сілтеп хабарлады.


Мюнхендегі Allianz Arena стадионында өткен матч 1:1 есебімен аяқталды. Ойынның үшінші минутында париждік клубтың жартылай қорғаушысы Ousmane Dembele есеп ашты. Ал екінші таймның қосымша уақытында Alphonso Davies жауап голын соғып, есепті теңестірді.


Бірінші кездесуде француз клубы 5:4 есебімен басым түскен еді. Екі матчтың қорытындысы бойынша Paris Saint-Germain финал жолдамасын иеленді. Футболда кейде бір гол тағдыр шешеді, ал кей клубтар миллиардтаған қаржы жұмсап, тағы да «келесі маусымда көреміз» деген күйде қалады.


Енді париждік команда финалда Arsenal клубына қарсы ойнайды. Шешуші кездесу 30 мамыр күні Budapest қаласында өтеді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp