Мазмұнға өту
qandastar.

Парламенттің соңғы бірлескен отырысында Тоқаев депутаттарға алғыс айтты

Малика Хамит · · 128 қаралым
Парламенттің соңғы бірлескен отырысында Тоқаев депутаттарға алғыс айтты

Астанада Парламент палаталарының соңғы бірлескен отырысы өтіп жатыр.

Онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев депутаттық корпустың қызметіне тоқталды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Президент өз сөзінде еліміздің әр кезеңдегі парламенттері мемлекеттің дамуына елеулі үлес қосқанын атап өтті. Оның айтуынша, халықтың мүддесін қорғау жолында еңбек еткен барлық шақырылым депутаттарының еңбегі құрметке лайық.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі депутаттық құрамның жұмысына ерекше тоқталып, бұл шақырылымды тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ықпалды әрі нәтижелі құрамдардың бірі ретінде бағалады. Мемлекет басшысы депутаттарға заң шығару саласындағы белсенді қызметі мен ел дамуына қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді.

Жиын барысында елдің саяси жүйесіндегі алдағы өзгерістер де сөз болды. 1 шілдеден бастап жаңа конституциялық нормалар күшіне еніп, соған сәйкес Қазақстанда бір палаталы парламент жүйесіне көшу қарастырылған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp