Мазмұнға өту
qandastar.

Пәтер иелерінен энергия тиімділігі үшін қосымша ақы талап етілмейді

Бақытжан Мұса
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Қазақстанда қолданыстағы тұрғын үйлердің энергия тиімділігін арттыру үшін пәтер иелерінен міндетті түрде қосымша қаражат талап етілмейді. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов Құрылтайдың пленарлық отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Qandastar.kz сайты хабарлады.

Вице-министрдің айтуынша, ұсынылып отырған заңнамалық өзгерістер қазіргі тұрғын үй қорына қолданылмайды. Қолданыстағы үйлердің қасбеті мен шатырын жылылау, сондай-ақ ішкі инженерлік желілерін жаңғырту жұмыстары бұрынғыдай күрделі жөндеу аясында жүргізіледі.

Мұндай жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен қайтарым негізінде қаржыландыруға болады. Ал күрделі жөндеу жүргізу туралы шешімді пәтер иелері жалпы жиналыста қабылдайды. Бұл ретте үйдің техникалық жағдайы мен тұрғындардың қаржылық мүмкіндіктері ескеріледі.

Сонымен қатар күрделі жөндеу кезінде меншік иелері энергия үнемдейтін материалдар мен технологияларды өз қалауы бойынша таңдай алады. Егер қымбатырақ материалдар мен технологияларды пайдалану қосымша шығынды қажет етсе, оны өтеу тәртібі мен қаражат көзі тұрғындардың жалпы жиналысында келісіліп белгіленеді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp