Мазмұнға өту
qandastar.

Пәтерді босатпаған жігіт үй иесімен жанжалдасып, қамаққа түсті

Малика Хамит
Пәтерді босатпаған жігіт үй иесімен жанжалдасып, қамаққа түсті

Астанада пәтерді уақытында босатпаған жалға алушы үй иесімен жанжалдасып, ақыры әкімшілік қамаққа алынды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Оқиғаға байланысты ер адамға қатысты қылмыстық іс те қозғалды.

Полицияның мәліметінше, 22 жастағы ер адам пәтерді жалға алғанымен, келісілген уақытта босатпаған. Осыдан кейін пәтер иесімен арада жанжал туындап, ер адам әйелге дене жарақатын салып, балағат сөздер айтқан.

Оқиға бойынша денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ал былапыт сөздер айтып, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін сот шешімімен ер адам 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp