Павлодар алюминий балқыту зауытында жазатайым оқиға салдарынан екі жұмысшы зардап шекті, деп хабарлайды
порталы
-ке сілтеме жасап.
Мәліметке сәйкес, 16 мамыр күні сағат 23:10 шамасында №3 пештің кептіру алаңын тазалау кезінде ішінара ажыраған материал жиналып, құлап кеткен. Сол сәтте алаңда агломерациялық цехтың екі қызметкері болған.
16 мамыр күні сағат 23:10-да №3 пеште пештің кептіру алаңын тазалау кезінде ішінара ажыраған материал жиналып, құлап кеткен. Тазалау кезінде сол жерде агломерациялық цехтың екі қызметкері болған
Оқиға салдарынан диірмен операторының оң аяғы сынған. Ал екінші қызметкердің оң жақ аяғының жұмсақ тіндері зақымданған, бірақ сынық анықталмаған.
Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін облыстық ауруханаға жеткізілген. Тексеруден кейін бір жұмысшы үйіне жіберілсе, диірмен операторы ауруханаға жатқызылды.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі уәкілетті орган мамандары тексеру жүргізіп, қауіпті өндірістік нысанда апат белгілері анықталмағанын мәлімдеді.