Мазмұнға өту
qandastar.

Павлодар әуежайындағы жағдайға байланысты FlyArystan ұшағы кері бұрылды

Малика Хамит 11 қаралым
Павлодар әуежайындағы жағдайға байланысты FlyArystan ұшағы кері бұрылды

20 қазанда Алматыдан Павлодарға ұшқан FlyArystan әуе компаниясының ұшағы межелі қалаға жетпей, кері қайтуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Соның салдарынан кері бағыттағы рейс те тоқтатылды.

Компанияның мәліметінше, бұған Павлодар әуежайында ұшақты мұздануға қарсы өңдеу мүмкіндігінің болмауы себеп болған.

Ұшу кезінде Павлодарда ауа райы нашарлап, жауын-шашын күтілген. Мұндай жағдайда әуе кемесі ұшар алдында арнайы өңдеуден өтуі керек. Алайда әуежайда қажетті мүмкіндік болмағандықтан, жолаушылардың қауіпсіздігі үшін ұшақты Алматыға қайтару туралы шешім қабылданған.

FlyArystan жолаушыларға жақын рейске бір рет тегін қайта брондау немесе билет ақшасын толық қайтару мүмкіндігін ұсынды.

Компания рейстердің қайта жандануы туралы қосымша ақпарат беретінін хабарлады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp