Мазмұнға өту
qandastar.

Павлодар облысында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады: бір ұшқыш қаза болды

Малика Хамит · · 776 қаралым
Павлодар облысында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады: бір ұшқыш қаза болды

Павлодар облысында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды

порталы.

Қайғылы жағдай 27 мамыр күні Железин ауылының маңында болған.

Көлік министрлігінің мәліметінше, ұшақ әуе-химиялық жұмыстарды орындап жүрген. Алдын ала дерек бойынша, Ан-2 ұшағы электр желілеріне соқтығысқан.

Бортта екі экипаж мүшесі болған. Апат салдарынан бір ұшқыш қаза тапты. Екінші пилотты Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері құтқарып, қауіпсіз жерге шығарған. Ведомство оның есін білетінін хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ электр желілеріне соқтығысқан
делінген Көлік министрлігінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, апатты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеу департаменті тексереді.

Оқиға орнына тергеу департаментінің қызметкерлері жіберілді
деп хабарлады министрлік.
Бөлісу: Telegram WhatsApp