Мазмұнға өту
qandastar.

Павлодар облысында Ми-8 АМТ тікұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды

Малика Хамит · · 10 қаралым
Павлодар облысында Ми-8 АМТ тікұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды

Павлодар облысында «Қазавиақұтқару» мекемесіне тиесілі Ми-8 АМТ тікұшағы шұғыл қону жасады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл туралы құзырлы органдар хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, әуе кемесі жоғалған адамды іздеу-құтқару жұмыстарына тартылған.

Іздестіру шаралары барысында балық аулау кезінде жол-көлік оқиғасынан аяғынан жарақат алған азамат табылып, оған қажетті медициналық көмек көрсетілген.

Дәрігерлердің мәліметінше, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Тікұшақ бортында барлығы 13 адам болған, оның ішінде 5 экипаж мүшесі мен 8 жолаушы бар.

Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер тіркелмеген.

Қазіргі уақытта шұғыл қонуға не себеп болғаны анықталып жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp