Мазмұнға өту
qandastar.

Павлодар облысында полиция балалар лагерінің қауіпсіздігін тексерді

Бақытжан Мұса · · 48 қаралым
Павлодар облысында полиция балалар лагерінің қауіпсіздігін тексерді

Павлодар облысында полицейлер жазғы демалыс маусымы алдында балалар лагерлеріндегі қауіпсіздік шараларын тексеруді бастады. Солардың бірі – Ақсу қаласындағы бір ауысымда 300-ден астам баланы қабылдайтын «ЭкоӘлем» сауықтыру лагері. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Polisia.kz порталына сілтеп хабарлады.

Тексеру жұмыстарын ювеналды полиция қызметкерлері жүргізді. Олар лагерьдегі күзет қызметінің жұмысын, бейнебақылау камераларының жағдайын, төтенше жағдайларға дайындық деңгейін және бейнежазбаларды сақтау жүйесін бақылап шықты.

Сонымен қатар ұйықтайтын корпустар, асхана, ойын алаңдары мен аумақ қоршауларының қауіпсіздігі де назардан тыс қалмады. Полицейлер құдықтар мен балаларға қауіп төндіруі мүмкін басқа да нысандарды арнайы тексерген.

Ақсу қаласы ювеналды полиция бөлімінің аға инспекторы Айнагүл Ахметованың айтуынша, басты мақсат – балалардың демалысын қауіпсіз ұйымдастыру және кез келген тәуекелдің алдын алу.

Тексеру нәтижесінде лагерь әкімшілігіне қауіпсіздік талаптарын күшейту бойынша нақты ұсыныстар берілді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp