Павлодар облысында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды
порталы.
26 мамырда Астана уақыты бойынша сағат 11:28-де Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі хабарлады.
Мамандардың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Павлодар облысының аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай шамамен 855 шақырым қашықтықта орналасқан.
Жерасты дүмпуінің координаттары – 50.47 солтүстік ендік пен 76.47 шығыс бойлық. Ошақтың тереңдігі 30 шақырым болған.
Сейсмикалық оқиғаның энергетикалық класы 10.7 деп бағаланды.
MSK-64 шкаласы бойынша есептік қарқындылығы Баянауыл ауданындағы Баянауыл ауылында 2 балды құраған.
Елді мекен эпицентрден шамамен 47 шақырым жерде орналасқан.
Жер сілкінісі 2026 жылғы 26 мамыр күні сағат 11:28-де тіркелді. Есептік қарқындылығы Баянауыл ауылында 2 балл болды