Мазмұнға өту
qandastar.

Павлодар облысында жөнделмеген жол үшін 45 млн теңге төленген

Малика Хамит
Павлодар облысында жөнделмеген жол үшін 45 млн теңге төленген

Павлодар облысында ауылішілік жолдарды жөндеуге бөлінген 45 млн теңге бюджет қаражаты жымқырылған, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Бұл заңбұзушылықты прокуратура тексеру кезінде анықтады.

Тергеу мәліметінше, Ертіс ауданына қарасты Успен ауылдық округінің әкімдігі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген жол учаскесі үшін «МКК-Элит Строй» ЖШС-не 45 млн теңге аударған.

Осы дерек бойынша әкімдік пен мердігер компанияның лауазымды тұлғаларына қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазір істі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті тергеп жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp