Мазмұнға өту
qandastar.

Павлодар тұрғынының үйінен жүзден аса SIM-карта шықты

Малика Хамит · · 205 қаралым
Павлодар тұрғынының үйінен жүзден аса SIM-карта шықты

Павлодар қаласында прокуратура мен полиция қызметкерлері интернет-алаяқтық схемаларында пайдаланылған арнайы техникалық жабдықты анықтады.

Заңсыз құрылғы «Айқын Нәтиже» іс-шаралар жоспары аясында жүргізілген тексеру кезінде табылған, деп хабарлайды

порталы.

Ведомство мәліметінше, көпқабатты үйлердің бірін аралау барысында тұрғынның үйінен 128 слоттық симбокс құрылғысы, «Tele2» және «Алтел» операторларының 115 SIM-картасы, екі роутер және 32 ұялы телефон тәркіленген.

Тергеу мәліметіне сәйкес, аталған құрылғылар мобильді құрылғылардың сәйкестендіру кодтарын алмастыру және алаяқтық әрекеттерде қолданылуы мүмкін.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 213-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды
деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Қазіргі уақытта іс бойынша барлық мән-жай мен ықтимал сыбайластарды анықтау бағытында кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp