Мазмұнға өту
qandastar.

Павлодарда 18 жастағы жігіт суға батып көз жұмды

Бақытжан Мұса · · 1 438 қаралым
Павлодарда 18 жастағы жігіт суға батып көз жұмды

Павлодар қаласында 18 жастағы жас жігіт Ертіс өзеніне батып көз жұмды. Қайғылы оқиға қалалық жағажай аумағында болған. Бұл туралы Qandastar.kz сайты "Астана" порталына сілтеп хабарлады.

Мәліметке сәйкес, өзен ағысының қатты болуы салдарынан жігітті дер кезінде құтқару мүмкін болмаған. Құтқарушылар іздестіру жұмыстарын екі тәулік бойы жүргізіп, марқұмның денесін Жаңауыл ауылы маңынан тапты.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, іздеу жұмыстары барысында сүңгуірлер 80 рет су астына түсіп, арнайы жүзу құралдарын пайдаланған.

Биыл Павлодар облысында шомылу маусымы басталғалы бері суға кетіп, көз жұмғандар саны алты адамға жетті. Олардың екеуі – балалар.

Бөлісу: Telegram WhatsApp