Мазмұнға өту
qandastar.

Павлодарда алты оқушы белгісіз таблеткалардан кейін өзін жайсыз сезінген

Малика Хамит 14 қаралым
Павлодарда алты оқушы белгісіз таблеткалардан кейін өзін жайсыз сезінген

Павлодардағы мектептердің бірінде алты оқушының денсаулығы нашарлап, бірнеше бала медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Оқиға 12 қазанда болған.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, оқу кабинеттерінің бірінен өткір иісі бар таблеткалар табылған. Сабақ аяқталғаннан кейін алты оқушы өзін жайсыз сезіне бастаған.

«Тексеру нәтижесі бойынша балалардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды», – деп хабарлады басқарма.

Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жағымсыз иістен уланған болуы мүмкін деген күдікпен үш бала ауруханаға жеткізілген. Кейін олар амбулаториялық ем алуға жіберілді.

Оқиғадан кейін мектеп әкімшілігі ішкі тексеру жүргізген. Оның қорытындысы бойынша жауапты қызметкерлерге тәртіптік шара қолданылған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp