Павлодарда құтқарушылар велосипедке аяғы қысылып қалған балаға көмек көрсетті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Оқиға туралы хабар 112 қызметіне түскен.
Мәлімет бойынша, баланың аяғы велосипедтің рамасы мен педалінің арасына қысылып қалып, өздігінен шыға алмай қалған.
Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері арнайы құралдардың көмегімен баланың аяғын абайлап босатты. Құтқару жұмыстары барысында балаға зақым келтірілмеді.
Мамандардың жедел әрі кәсіби әрекетінің арқасында оқиға сәтті аяқталып, бала медициналық көмекті қажет етпеді.
[video width="1230" height="1080" mp4="https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2026/06/1782725011766.mp4"][/video]
ТЖМ ата-аналарға балалардың велосипед тебу кезіндегі қауіпсіздігін бақылап, көлік құралының техникалық жағдайын тұрақты түрде тексеріп отыру қажеттігін еске салды.