Мазмұнға өту
qandastar.

Павлодарда бейтаныс ер адам өртенген пәтерден үш баланы құтқарып қалды

Малика Хамит · · 842 қаралым
Павлодарда бейтаныс ер адам өртенген пәтерден үш баланы құтқарып қалды

Павлодарда өрт кезінде бейтаныс азаматтың батыл әрекетінің арқасында үш бала аман қалды, деп хабарлайды

порталы.

Оқиға Осипенко көшесіндегі тоғыз қабатты тұрғын үйде болған.

«101» қызметіне тоғызыншы қабаттағы үш бөлмелі пәтердің балконы өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен. Өрт кезінде балкондағы жиһаз бен тұрмыстық заттар жанған. Қалың түтін пәтер ішін түгел басқан.

Өрт сөндірушілер жеткенге дейін оқиға куәгері Ермеков Қайрат балаларды құтқаруға кіріскен. Ол көшеден өтіп бара жатып, жоғары қабаттан шыққан түтінді байқап, көмек сұраған балалардың дауысын естіген.

Уақыт жоғалтпаған азамат үй тұрғындарымен бірге самокаттың темір тұтқасының көмегімен пәтер есігінің құлпын бұзып, кейін есікті аяғымен ашқан. Пәтер ішінде қалған үш бала сыртқа шығарылып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Өрт сөндірушілер де жедел әрекет етіп, тілсіз жауды қысқа уақытта толық сөндірген. Соның арқасында өрттің өзге пәтерлерге таралуына жол берілмеді. Қазір өрттің нақты шығу себебі анықталып жатыр.

Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды еске салды. Мамандар өрт немесе төтенше жағдай туындаса, бірден 101 немесе 112 нөміріне хабарласуға шақырады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Павлодар Облысы Тжд (@112pavlodar)
Дәйексөз
Бөлісу: Telegram WhatsApp