фото: Halyq Uni
Kerek.pv Telegram арнасына павлодарлық ер адамдың бала зорлағаны туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды
.
Күдіктінің футбол бапкері екені белгілі болды. Ол 10 жастағы қызға тиіскен. Ал полиция күдіктінің ұсталғаны туралы ақпаратты растады.
Кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, Павлодар қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды
Қазір тергеу барысы Павлодар облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.