Павлодардағы жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды
порталы.
Павлодар қаласында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Mitsubishi Carisma автокөлігі Назарбаев даңғылында қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.
Салдарынан көлік үш жаяу жүргіншіні қағып, кейін жарық бағанасы мен қоғамдық көлік аялдамасына соғылған. Соққыдан кейін автомобиль аударылып қалған.
Екі жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Үшінші зардап шеккен азамат медициналық мекемеге жеткізілді. Көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесінде жол апатының нақты себептері мен оған қатысты өзге де жағдайлар белгілі болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo.dar)