Мазмұнға өту
qandastar.

Павлодарда мектеп оқушысы сыныптасы мен мұғалімге пышақ жарақатын салған

qandastar · · 290 қаралым
Павлодарда мектеп оқушысы сыныптасы мен мұғалімге пышақ жарақатын салған

Полицейлер күдіктіні ұстады. "Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті өкілдері. Полиция тергеу мүддесі үшін мән-жай жария етілмейтінін мәлім етті. Айта кетейік, Қарағанды аудандарының бірінде ер адамға пышақпен шабуыл жасаған күдікті ұсталған болатын. Сондай-ақ, 30 сәуірде Жамбыл облысында сегізінші сынып оқушысы жоғарғы сынып оқушысының қолынан қаза тапты. 14 жастағы бала кеуде тұсынан алған соққыдан кейін мектеп дәретханасында жан тапсырған. Ал әлімжеттік көрсетіп, жұдырық жұмсаған 9 сыныптың оқушысы қамауға алынды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp