Мазмұнға өту
qandastar.

Павлодарда суға кеткен жігіттің өмірін құтқарушылар сақтап қалды

Малика Хамит · · 611 қаралым
Павлодарда суға кеткен жігіттің өмірін құтқарушылар сақтап қалды

Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Жасыбай демалыс аймағында суға батып бара жатқан ер адам құтқарылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

ТЖМ мәліметінше, акваторияны патрульдеу кезінде құтқарушылар судан шыға алмай жатқан азаматты байқап, бірден көмекке ұмтылған.

Жедел жүргізілген құтқару жұмыстарының нәтижесінде 1998 жылы туған ер адам жағаға шығарылды.

Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін жағдайын тексеру үшін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылған. Мамандардың уақытылы әрекетінің арқасында қайғылы оқиғаның алдын алу мүмкін болды.

[video width="720" height="1280" mp4="https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2026/07/VID_20260715_130959_467.mp4"][/video]

Осыған байланысты ТЖМ тұрғындарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.

Ведомство тек арнайы жабдықталған жағажайларда шомылуға, өз мүмкіндігін дұрыс бағалауға, мас күйде суға түспеуге және балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp