Мазмұнға өту
qandastar.

Павлодарда «жанды жүк» тасымалдаған заңсыз көші-қон арнасы жойылды (ВИДЕО)

Малика Хамит · · 1 190 қаралым
Павлодарда «жанды жүк» тасымалдаған заңсыз көші-қон арнасы жойылды (ВИДЕО)

Павлодар облысында заңсыз көші-қонның тосын әрі қауіпті схемасы әшкереленді.

Криминалдық полиция жедел операция барысында адамдарды шекарадан жасырын өткізу арнасын тоқтатты, деп хабарлайды

порталы.

Күдікті – Өзбекстан азаматы. Тергеу нұсқасы бойынша, ол отандастарын Ресей арқылы Қазақстанға заңсыз жеткізуді ұйымдастырған.

Ең қызығы – тасымал тәсілі. Ер адам MAN маркалы жүк көлігін пайдаланып, оның ішіне адамдарды жасыруға арналған арнайы құпия орын жасап алған.

Тексеру кезінде полицейлер дәл осы жасырын бөлімді тауып, схеманың қалай жұмыс істегенін әшкереледі.

Қазір көлік тәркіленіп, айып тұрағына қойылды. Ал күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Полиция бұл адамның басқа да осындай схемаларға қатысы бар-жоғын тексеруде.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Организация (@dp_pavlodar)
Дәйексөз
Бөлісу: Telegram WhatsApp