Мазмұнға өту
qandastar.

Павлодарда жедел жәрдем қызметкерлеріне пышақпен шабуыл жасалды

Малика Хамит · · 533 қаралым
Павлодарда жедел жәрдем қызметкерлеріне пышақпен шабуыл жасалды

Павлодарда жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды

порталы.

Оқиға 10 маусым күні көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған.

Сағат 14:57-де жедел жәрдем қызметіне көшеде белгісіз ер адамның жерде жатқанын байқаған тұрғыннан хабарлама түскен.

Шақырту бойынша келген медицина қызметкерлері ер адамға алғашқы көмек көрсетуге әрекет жасаған. Алайда ол агрессия танытып, жедел жәрдем бригадасына пышақпен қоқан-лоқы көрсеткен.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне күш қолданып, кейін реанимобиль салонына кірген. Сондай-ақ медициналық препараттар салынған ампулаларды сындырып, медициналық жабдықтарды бүлдірген.

Ол жедел жәрдем көлігінің ішіне кіріп, медициналық құрал-жабдықтарға зақым келтірді
деп хабарлады жедел жәрдем станциясының өкілдері.

Оқиға салдарынан зардап шеккен медицина қызметкерлері полицияға арыз жазған.

Полиция күдіктінің ұсталғанын және оның мамандандырылған емдеу мекемесіне орналастырылғанын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта жедел жәрдем қызметкерлеріне қауіп төндіру және күш қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp