Мазмұнға өту
qandastar.

Павлодарлық жастар Жеңіс саябағындағы биімен сынға қалды

bahitzhanabzal · · 195 қаралым
Павлодарлық жастар Жеңіс саябағындағы биімен сынға қалды
Фото: скрин Жасөспірім қыздардың видеосы kerek Telegram-арнасында жарияланған.
Павлодарда Жеңіс саябағында орынсыз билеп, видеоға түскен жасөспірім қыздарды полиция ата-аналарымен бірге бөлімшеге жеткізді, деп хабарлайды qandastar.kz ақпарат порталы. Жасөспірім қыздардың видеосы kerek Telegram-арнасында жарияланған. Жағдайға байланысты Павлодар облысы полиция департаменті пікір білдірді. "Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, ата-аналарымен бірге полицияға жеткізілді. Заңсыз әрекеттері үшін кәмелетке толмағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады ведомство. Сонымен қатар, балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.
Бөлісу: Telegram WhatsApp