Мазмұнға өту
qandastar.

Павлодарлық құтқарушы «Тәуелсіздік ұрпақтары» сыйлығын алды

Бақытжан Мұса
Құрылтай
Құрылтай

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Ақжол Сағынбай «Тәуелсіздік ұрпақтары» сыйлығының «Ерлігі үшін» номинациясы бойынша лауреат атанды. Ол адамдарды құтқару және төтенше жағдайларды жою кезіндегі батылдығы мен жанқиярлығы үшін марапатталды, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты.

Ақжол Сағынбай Павлодар қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде аға инженер қызметін атқарады. Ол 2001 жылы Ақмола облысының Щучинск қаласында дүниеге келген.

Жас маман төтенше жағдайлар кезінде адамдардың өмірін сақтап қалуға және оқиғалардың салдарын жоюға қатысып келеді. Кәсіби дайындығы мен қызметтік тәжірибесі оның жауапты міндеттерді орындауына мүмкіндік береді.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» сыйлығы – еліміздің дамуына үлес қосып жүрген дарынды әрі белсенді жастарды қолдауға бағытталған марапат. Ақжол Сағынбайдың лауреат атануы оның ерлігі мен қызметтік міндетіне адалдығының бағасы болды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp