Мазмұнға өту
qandastar.

Педагогтарды аттестаттауда жаңашылдық бар

bahitzhanabzal · · 714 қаралым
Педагогтарды аттестаттауда жаңашылдық бар

Фото: ашық дереккөз

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде "Ұстаз" педагогтің үздіксіз кәсіби даму ұлттық платформасын кезең-кезеңімен енгізу басталды, деп хабарлайды qandastar.kz

Бұл платформа аттестаттау процесін автоматтандыруға және оны ашық әрі әділ етуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта платформада "педагог-модератор" және "педагог-эксперт" біліктілік санаттарын алу немесе растау үшін үміткер педагогтерді аттестаттаудың бірінші кезеңі өтуде.

2025 жылы платформа арқылы 150 мыңнан астам қазақстандық педагог аттестаттаудан өтеді деп жоспарланып отыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp