Фото: ашық дереккөз
Ұсталған Перизат Қайраттың өзі жетекшілік еткен Biz Birgemiz қорында бірнеше құрылтайшы бары анықталды, деп хабарлайды qandastar.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
САН ПІКІР
"Еріктілер қозғалысының белсендісі әрі қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайрат ұсталды" деген ақпарат кешелі бері БАҚ-тардан бастап бүкіл әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаевадан бастап, Biz Birgemiz қорын білген, естіген, ақша аударған адамдар бір ауыз пікірін қалдырып, болған оқиғаға үн қосады. Бірі кінәлайды, екіншісі “кінәсіздік презумпциясы сақталмай біржақты айып тағылып отыр” деп есептейді. Сан пікірдің туындауына Қаржы мониторингі агенттігінің Перизат Қайраттың “600 млн теңгеге үй алып, ең қымбаты 88 млн теңгенің көлігін мініп, бесжұлдызды қонақүйлерде демалғаны” жайлы ақпарат таратқаны “тұздық” бола түскендей. Пікір қалдырғандардың кейбірі бұл тек тергеу нұсқасы екенін есепке алмай жазғаны байқалады.
СОНЫМЕН ҚҰРЫЛТАЙШЫЛАР КІМДЕР
Ulysmedia.kz ресми ашықдереккөздер арқылы Перизат Қайрат басқарған Biz Birgemiz қоры жайлы мәліметтерге үңіліп көрді. Қордың алғаш Астана қаласының Әділет департаменті 2021 жылы қарашада тіркеген. Қордың толық атауы – "Biz Birgemiz Qazaqstan 2030" қоғамдық бірлестігі.
Қордың құрылтайшыларының тізімінде Перизат Қайраттың өзімен қосқанда 10 адам бар. Олар:
- Матюшенко Сергей Владимирович
- Мағзұм Арсланбек Талғатұлы
- Тұрғанбай Шадияр Докторұлы
- Аманбай Аружан Оразбайқызы
- Болысов Тохтар Коммунарович
- Хисматуллин Дамир Сакенович
- Серикжанова Айгерим Тельжановна
- Сейткамал Гүлназ Нұрланқызы
- Хафиз Аян Бауыржанұлы.