Мазмұнға өту
qandastar.

Перизат Қайрат мерзімінен бұрын бостандыққа шыға ала ма

Малика Хамит · · 550 қаралым
Перизат Қайрат мерзімінен бұрын бостандыққа шыға ала ма

Перизат Қайраттың мерзімінен бұрын босап шығуына қатысты тәртіп түсіндірілді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл туралы «NewTimes.kz» агенттігінің ресми сауалына берілген жауапта айтылған.

Мәліметке сәйкес, сотталған адам заңда көрсетілген жаза мерзімінің белгілі бір бөлігін өтегеннен кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босауға өтініш бере алады. Сондай-ақ жазаның қалған бөлігін жеңілірек жаза түрімен алмастыру мүмкіндігі қарастырылған.

Егер Перизат Қайрат тиісті өтініш түсірсе, түзеу мекемесінің әкімшілігі оның жеке ісін сотқа жолдайды. Құжаттарға сотталған адамның мінездемесі, жұмысқа және оқуға көзқарасы туралы мәліметтер қоса тіркеледі.

Сот шешім қабылдау кезінде сотталған адамның тәртібін, көтермелеу шараларының болуын, келтірілген шығынның өтелу деңгейін және басқа да заңда көрсетілген жайттарды ескереді.

Еске салайық, Biz Birgemiz Qazaqstan қорының бұрынғы басшысы Перизат Қайрат 2024 жылдың қарашасында қайырымдылыққа жиналған қаражатты жымқырды деген күдікпен ұсталған болатын.

Тергеу нұсқасы бойынша, су тасқынынан зардап шеккендерге арналған қаржының бір бөлігі қымбат мүлік, көлік және шетелдік сапарларға жұмсалған. Кейін Палестина тұрғындарына жиналған гуманитарлық көмек қаражатына қатысты тағы бір эпизод анықталғаны хабарланды.

Сот үкімімен Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның анасы Ғайни Алашбаева 7 жылға сотталды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp