Мазмұнға өту
qandastar.

Перу астанасында төтенше жағдай енгізілді: наразылықтар қатты шиеленісті

bahitzhanabzal · · 58 қаралым
Перу астанасында төтенше жағдай енгізілді: наразылықтар қатты шиеленісті

Перу билігі Лимадағы жаппай наразылықтар салдарынан төтенше жағдай енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы qandastar.kz BBC-ге сілтеме жасап хабарлады.

Министрлер кабинетінің басшысы Эрнесто Альварестің айтуынша, астананың бүкіл аумағында төтенше жағдай жарияланды.

Наразылықтар үкіметке қарсы шерулер кезінде полиция мен демонстранттар арасында қақтығыс туындады. Қақтығыс салдарынан 32 жастағы азамат қаза тауып, 100-ден астам адам жараланды. Жараланғандардың көбісі – тәртіп сақшылары.

Наразылықтар Перудің бұрынғы президенті Дина Болуартенің қызметінен шеттетілгенінен кейін басталды. Оның орнына Хосе Хери президенттік лауазымға кіріскен. Бұл оқиғалар жастардың ұйымдастыруымен өтіп, белсенділер биліктен қылмыс пен жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді талап етуде.

Хосе Хери Перудің соңғы 8 жылдағы жетінші президенті болып отыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp