Мазмұнға өту
qandastar.

Перуашевтің қатысы бар: ҰҚК Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасарын ұстады

bahitzhanabzal · · 419 қаралым
Перуашевтің қатысы бар: ҰҚК Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасарын ұстады

Фото: ашық дереккөз

ҰҚК Ұлттық ұлан бас қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары, генерал-майор Константин ВОРОНКИНді 2023 жылы пара алды деген күдікпен ұстады, - деп хабарлайды qandastar.kz

ҰҚК мәліметінше, генерал-майор жеңіл автокөліктер мен жеңіл көліктердің көтерме саудасымен айналысатын “Параллель-ТС” ЖШС-нің құрылтайшысы Дмитрий ВАСИЛЬЕВТЕН және осы ЖШС директоры Максим ВАСИЛЬЕВТЕН пара алған. Ол Ұлттық ұланның мүдделеріне нұқсан келтіре отырып, оларға “қамқорлық” жасаған.

Тегіне қарағанда, ұсталған Васильевтер - ағайынды. Сонымен қатар Дмитрий Азат Перуашевтің, нақты айтқанда “Ақ жол” партиясы төрағасының орынбасары болып шықты.

“Мен бұл туралы бес минут бұрын білдім, алдымен заңгерлермен сөйлесейін», - деп жауап қатты оқиғаға қатысты Перуашев.

Бөлісу: Telegram WhatsApp