Мазмұнға өту
qandastar.

Петропавлда 13 жастағы қызды зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Малика Хамит 66 қаралым
Петропавлда 13 жастағы қызды зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Петропавлда кәмелетке толмаған қызға қатысты ауыр қылмыс жасаған 37 жастағы ер адамға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Сотта анықталғандай, 13 жастағы қыз сотталушының жиенімен бірге оның үйіне барған. Сол жерде ер адам қызға қатысты қылмыс жасаған.

Қылмысқа көмектескен оның 32 жастағы әйелі де жауапкершілікке тартылды. Сот оған 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сонымен қатар сот жәбірленушіге келтірілген моральдық зиян үшін 6 млн теңге өтемақы өндіру туралы шешім шығарды. Сараптамаларға жұмсалған 3,6 млн теңге шығын да сотталғандардан өндірілетін болды.

Сотталған ерлі-зайыптылардың екі баласы қамқоршылық органының қорғауына берілді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp