Мазмұнға өту
qandastar.

Петропавлда діни алауыздықты қоздырды деп айыпталған ер адам 6 жылға сотталды

Бақытжан Мұса · · 71 қаралым
Петропавлда діни алауыздықты қоздырды деп айыпталған ер адам 6 жылға сотталды

Петропавл қаласында діни алауыздықты қоздыру ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Іс материалдарына сәйкес, 50 жастағы Арман Ахметов әлеуметтік желілерде бірнеше рет діни араздықты қоздыруға бағытталған жазбалар жариялаған. Айыптау тарапының мәліметінше, ол ислам дініне қатысты теріс пікірлер айтып, Мұхаммед пайғамбардың атына тіл тигізетін мәлімдемелер жасаған.

Сот барысында айыпталушының мүддесін екі адвокат қорғады. Қорғау тарапы қосымша соттық дінтану сараптамасын тағайындауды сұрағанымен, сот бұл өтінішті қанағаттандырмады.

Сондай-ақ мемлекеттік айыптаушы сотталушымен процестік келісім жасау туралы ұсыныстан бас тартты.

Нәтижесінде сот Арман Ахметовті діни алауыздықты қоздыру бабымен кінәлі деп танып, оны 6 жылға бас бостандығынан айырды.

Әзірге сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу: Telegram WhatsApp