Мазмұнға өту
qandastar.

Петропавлда тұрғын үйден 5 адам эвакуацияланды

Бақытжан Мұса
ТЖМ
ТЖМ

Петропавл қаласында тоғыз қабатты тұрғын үйдің техникалық қабатында өрт шықты. Оқиға кезінде құтқарушылар бес адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты.

Солтүстік Қазақстан облысының «112» пультіне Назарбаев көшесіндегі тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері тоғыз қабатты көппәтерлі үйдің техникалық қабатындағы қосалқы бөлмеде қысқа тұйықталу салдарынан керме төбенің жанғанын анықтады.

Құтқарушылар баспалдақ арқылы бес адамды қауіпсіз жерге эвакуациялады. Өрт жедел сөндіріліп, жалынның одан әрі таралуына жол берілмеді.

ТЖМ тұрғындарға электр сымдарының жарамдылығын үнемі тексеріп, электр желісіне шамадан тыс күш түсірмеуді және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды ескертеді.

Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласу қажет.

Бөлісу: Telegram WhatsApp