Мазмұнға өту
qandastar.

Петропавлда жарақат алған әйел әкімдіктен өтемақы өндіріп алды

Бақытжан Мұса · · 354 қаралым
Петропавлда жарақат алған әйел әкімдіктен өтемақы өндіріп алды

Петропавлда көшедегі қауіпті аумақтың қоршалмауы салдарынан әйел жарақат алып, кейін сот арқылы әкімдіктен моральдық өтемақы өндіріп алды. Бұл туралы

сайты

агенттігіне сілтеп хабарлады.

Іс Петропавл қаласының №2 сотында қаралды. Жәбірленуші қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне қарсы моральдық зиянды өндіру туралы талап арыз түсірген.

Сот материалдарына сәйкес, өткен жылдың тамыз айында әйел кәмелетке толмаған баласымен бірге қала көшелерінің бірімен келе жатқан кезде тротуар маңындағы шөп басқан әрі суға толы шұңқырға құлап кеткен. Аталған аумақта ешқандай қоршау мен ескерту белгілері болмаған.

Оқиға салдарынан әйелдің табан сүйегі сынып, денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келген. Ол ем қабылдап, белгілі бір уақыт еңбекке жарамсыз болған.

Жәбірленуші алдымен мемлекеттік мекемеге сотқа дейінгі тәртіппен жүгінген. Алайда жауапты орган тек шұңқырды жауып, қауіпті аумақты ретке келтіргенімен, моральдық өтемақы төлеуден бас тартқан.

Сот барысында жол учаскесіне жауапкершілік аталған мекемеге тиесілі екені анықталды. Сот жауапты орган жаяу жүргіншілер аймағының қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз етпеген деген қорытынды жасап, талап арызды қанағаттандырды. Нәтижесінде әйелдің пайдасына моральдық өтемақы мен сот шығындары өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген. Апелляциялық сот та бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp