Мазмұнға өту
qandastar.

Пхёнтхэктегі төбелеске қазақстандықтар қатысқаны туралы ақпаратқа СІМ түсініктеме берді

Малика Хамит 91 қаралым
Пхёнтхэктегі төбелеске қазақстандықтар қатысқаны туралы ақпаратқа СІМ түсініктеме берді

СІМ Оңтүстік Кореяда болған жаппай төбелеске Қазақстан азаматтары қатысты деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Оқиға Пхёнтхэк қаласында 4 қазанға қараған түні болған. Осыдан кейін әлеуметтік желілерде төбелеске Қазақстан мен Қырғызстан азаматтары қатысқаны туралы ақпарат тарады.

Алайда Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл мәліметті растаған жоқ.

СІМ мәліметінше, оқиға бойынша анықталған және ұсталған адамдардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ.

Осылайша, қазақстандықтардың жаппай төбелеске қатысқаны туралы әлеуметтік желідегі ақпарат расталмады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp