"Pin Up" онлайн-казиносының қызметіне қатысты қылмыстық іс аясында 26 жастағы блогер Махмуд Хикматовқа үш ай бұрын іздеу жарияланған. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Алдын ала мәлімет бойынша, Хикматовқа заңсыз онлайн-казиноға ойыншылар тартуға қатысы бар деген күдік келтірілуде.
Фото: https://t.me/kozachkow
Дереккөздердің мәліметінше, "Pin Up" платформасы әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы танымал тұлғалардың қатысуымен кеңінен жарнамаланған. Олардың қатарында Қайсар Қамза есімі де аталады. Сондай-ақ Махмуд Хикматовтың аталған тұлғалармен байланысы болуы мүмкін деген болжам бар. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталмаған. Қазіргі таңда Хикматовтың Қазақстан аумағында емес екені айтылуда.
Махмуд Хикматов әлеуметтік желілерде аса танымал болмағандықтан, табыс табу мақсатында pop-MMA турнирлеріне де қатысқан. Ол үш жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.
Бұған дейін блогер денесіне өмір бойы өшірмейтін жарнамалық татуировка салдыру үшін 30 миллион теңге сұрайтынын мәлімдеген. Оның айтуынша, бұл ұсынысқа келіскендер де болған. Тергеу барысында дәл осы ерекше татуировка оның басты айрықша белгілерінің бірі болуы мүмкін.