Фото: Ташкент облысы кеден басқармасының баспасөз қызметі
Қазақстан шекарасынан өтіп, Өзбекстан шекарасындағы тексеру кезінде белгісіз азаматтың сөмкесінен Қызыл кітапқа енген альбинос жолбарыс питон жыланы табылған видео желіде тарап кетті, деп хабарлайды
.
Қазақстаннан Өзбекстанға алып өтпек болған бұл бауырымен жорғалаушы оңтүстік, оңтүстік-шығыс Азияны мекен ететін сирек кездесетін жылан екен.
Ташкент облысы кеден департаментінің баспасөз қызметі қазіргі уақытта тергеуалды тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады:
Бұл жылан Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілгендіктен, оны Өзбекстанға әкелу үшін халықаралық рұқсат қажет екен. Бірақ тасымалдаушы азаматта ол жоқ болып шықты.
Альбинос түсті жылан Ташкенттегі хайуанаттар бағына тапсырылды. Ал ондағы мамандар оның жағдайын тұрақты деп бағалапты.
Ал бұл алып жыланның Қазақстанға қалай келгені, оны әлгі азаматтың Қазақстан шекарасынан қалай алып өткені түсініксіз күйде қалды.
Өйткені қазақстандық құзырлы органдар бұл оқиғаға қатысты әзірге түсінік берген жоқ.