Шымкентте тиісті сертификаты мен лицензиясы болмай тұрып пластикалық хирургиямен айналысқан адам сотталды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Сотта оның әйелге блефаропластика — қабаққа жасалатын пластикалық ота жасағаны анықталған.
Операциядан кейін жәбірленушінің бір көзінің көру қабілеті толық жоғалған.
Сот шешімімен ол ҚР Қылмыстық кодексінің 322-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар оған 3 жыл бойы медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысуға тыйым салынды.
Абай ауданының прокуратурасы лицензиясы мен тиісті біліктілігі жоқ адамдарға медициналық процедура жасатудың қауіпті екенін ескертті.
Мамандар медициналық көмекті тек лицензиясы бар ұйымдар мен білікті дәрігерлерден алуға шақырады.