Мазмұнға өту
qandastar.

Полицейлер екі ер адамнан 79 келіден астам марихуана тәркіледі

bahitzhanabzal · · 176 қаралым
Полицейлер екі ер адамнан 79 келіден астам марихуана тәркіледі

Полицейлер екі ер адамнан 79 келіден астам марихуана тәркіледі, деп хабарлайды qandastar.kz.

Арнайы операция барысында тәртіп сақшылары екі ер адамды анықтап, ұстады.

Олардың көлігін тінту барысында, салмағы 79 келі 138 грамнан асатын марихуана салынған 27 полиэтилен пакеті және есірткі заты тәркіленді.

Сондай-ақ салмағы 59 грамм гашиш табылды.

Есірткі, психотроптық заттарды заңсыз алу, сақтау және тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу қорытындысы бойынша күдікті сотқа жеткізілді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp