Мазмұнға өту
qandastar.

Полицеймін деп ел-жұртты бопсалаған тұрғын ұсталды

bahitzhanabzal · · 79 қаралым
Полицеймін деп ел-жұртты бопсалаған тұрғын ұсталды

Фото: ІІМ

Астанада өзін полицеймін деп жұртты бопсалаған адам ұсталды. Бұл туралы ІІМ мәлімдеді,

деп хабарлайды

Қыркүйекте өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып, ақша бопсалаған елорда тұрғыны ұсталды. Күдіктіден жалған куәлік тәркіленген.
Дәйексөз

Сондай-ақ, Астанада әлеуметтік желілер арқылы бопсалау сызбасын ұйымдастырған, бұрын сотталған әйел ұсталды. Күдікті танысу және кездесуді сылтау етіп, зорлық туралы жалған арызбен полицияға жүгінемін деп ер адамдарды қорқытқан. Ол ұсталып, жауапкершілікке тартылды.

Одан бөлек, 25 жастағы ер адам ұсталған. Ол күш қолданамын деп қорқытып, бопсалаумен айналысқан. Одан атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіленді.
Дәйексөз

Елорда тұрғындарының шағымын тексеру барысында "Лазурный квартал", "Дипломат" және "Мисон" тұрғын үй кешендерінде заңсыз притон ұйымдастырған топ анықталған. 14 адам ұсталып, ұйымдастырушылар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp