Мазмұнға өту
qandastar.

Полиция Қайрат Нұртасқа қатысты тараған ақпаратқа түсініктеме берді

Бақытжан Мұса · · 1 240 қаралым
Полиция Қайрат Нұртасқа қатысты тараған ақпаратқа түсініктеме берді

Әлеуметтік желілерде әнші Қайрат Нұртастың есімі аталған оқиғаға қатысты ақпарат тарағаннан кейін Астана қаласының полиция департаменті ресми түсініктеме берді. Бұл туралы Qandastar.kz хабарлады.

Желіде жарияланған мәліметтерде 2006 жылы туған қыздың Қайрат Айдарбековке (Қайрат Нұртас) қатысты арыз жазғаны және оқиға елордадағы қонақ үйлердің бірінде болғаны айтылған.

Алайда полиция зорлау фактісі жөніндегі ақпараттың расталмағанын мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, 10 шілде күні «102» арнасына 2006 жылы туған қыздан қаладағы қонақ үйлердің бірінде ер адамның өзіне қатысты құқыққа қайшы әрекет жасағаны туралы хабарлама түскен. Осыған байланысты заңнама талаптарына сәйкес тексеру жүргізілген.

Алдын ала анықталғандай, қонақ үйде болған екі адамның арасында жеке сипаттағы жанжал туындаған. Қазіргі уақытта бұл жағдайдың өзектілігі жойылған.

Сондай-ақ полиция қыздың кейін өз арызын кері қайтарып, қойылған талаптарынан бас тартқанын хабарлады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp