Мазмұнға өту
qandastar.

Полиция «күлгені үшін» айыппұл салды ма? Оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Малика Хамит · · 377 қаралым
Полиция «күлгені үшін» айыппұл салды ма? Оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Әлеуметтік желіде блогер қыздың полиция қызметкерлері оны «күлгені үшін» жауапқа тартпақ болғаны туралы видеосы тарады.

Алайда полиция бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды

порталы.

Полицияның мәліметінше, оқиға түнгі сағат 01:00 шамасында болған. Қызмет барысында тәртіп сақшылары терезелері ашық тұрған көлікке назар аударған. Автокөліктен музыка қатты шығып, салондағы қыздар дауыстап сөйлескен. Осыған байланысты полицейлер түнгі тыныштықты сақтау талаптарын түсіндіру үшін көлікке жақындаған.

Қызметкерлер жүргізушінің құжаттарын тексеріп, тоқтатудың себебін түсіндірген. Нәтижесінде жағдай ауызша ескертумен аяқталған. Яғни көлік жүргізушісіне айыппұл салынбаған және ол әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған.

Полиция өкілдерінің айтуынша, азаматша әңгіме барысында эмоцияға беріліп, дауысын көтерген. Кейін болған жағдайды әлеуметтік желіде жариялап, оқиғаны «күлгені үшін айыппұл салмақ болды» деген сипатта көрсеткен.

Оқиғаның нақты барысы полиция қызметкерлерінің бейнетіркегіштеріне жазылған. Жазбаларды тексеру кезінде тәртіп сақшылары тарапынан заң бұзушылық анықталмаған.

Қазір полиция билік өкіліне құрметсіздік таныту және шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таратуға қатысты жағдайға құқықтық баға берілетінін хабарлады.

Тәртіп сақшылары азаматтарды түнгі уақытта тыныштықты сақтауға, полицияның заңды талаптарына бағынуға және әлеуметтік желідегі қаралым үшін шынайы жағдайды бұрмалап, жанжал туындатпауға шақырды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ҚР ІІМ | МВД РК (@qriim_mvdrk)
Дәйексөз
Бөлісу: Telegram WhatsApp