Мазмұнға өту
qandastar.

Полициядан қашқан жасөспірім көлікпен электр бағанасын соғып құлатқан

Малика Хамит · · 427 қаралым
Полициядан қашқан жасөспірім көлікпен электр бағанасын соғып құлатқан

Орал қаласында жасөспірім әкесінің көлігін рұқсатсыз алып кетіп, жол апатын жасады, деп хабарлайды

порталы.

Оқиға туралы хабарлама полицияға таңғы сағат 08:00 шамасында түскен.

Мәліметке сәйкес, Зачаганск кенті маңында JAC маркалы автокөліктің ұрланғаны туралы ақпарат берілген.

Көп ұзамай іздеудегі көлік Жәңгір хан мен Жақыпов көшелерінің қиылысында анықталған. Полицейлердің тоқтату туралы талабына жүргізуші бағынбай, жылдамдықты арттырған.

Қуғын барысында жүргізуші көлікті басқара алмай, жолдан шығып кетіп, электр бағанасын құлатқан. Оқиға орнында тәртіп сақшылары оны ұстады.

Тексеру кезінде күдікті автокөлік иесінің кәмелетке толмаған ұлы екені белгілі болды. Ол әкесінің көлігін рұқсатсыз алып кеткен.

Абырой болғанда, жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Полиция мәліметінше, заңды өкілдерді жүргізуші куәлігінсіз көлік басқаруға жол бергені және материалдық шығынға әкелген жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері бойынша жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр.

Бұл іс бойынша жүргізуші куәлігінсіз көлік құралын басқару кезінде жіберілген бұзушылықтар, сондай-ақ мүліктік залалға әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерін жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылуда
деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, көлік иесі ұрлық фактісі бойынша шағым түсіруден бас тартқан.

[video width="480" height="848" mp4="https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2026/06/1780895132249.mp4"][/video]

Бөлісу: Telegram WhatsApp