Футболдан Португалия құрамасы 2026/27 жылғы УЕФА Ұлттар лигасының бесінші турында өз алаңында Данияға 1:4 есебімен есе жіберді. Кездесу Брага қаласындағы «Мунисипал» стадионында өтті, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты.
Матчтағы алғашқы голды 43-минутта Дания құрамасының жартылай қорғаушысы Пьер-Эмиль Хёйбьерг пенальтиден соқты. Екінші таймда Расмус Хёйлунн 50 және 57-минуттарда екі гол енгізіп, дубль авторы атанды.
Ал 75-минутта Йоаким Андерсен есепті 4:0-ге жеткізді. Португалия құрамасының жалғыз голын ойынның қосымша уақытында, 90+3-минутта Бернарду Силва соқты.
Айта кетейік, бұл кездесу Криштиану Роналду ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтынын мәлімдегеннен кейін Португалия құрамасы өткізген алғашқы ойын болды.
Осы жеңіліске қарамастан, Португалия 12 ұпаймен А4 тобында көш бастап тұр. Дания құрамасы 9 ұпаймен екінші орында келеді. Ал Норвегияда 6, Уэльсте 3 ұпай бар.