Мазмұнға өту
qandastar.

Президент бірқатар елшіні тағайындады

bahitzhanabzal · · 335 қаралым
Президент бірқатар елшіні тағайындады

Фото:atpress.kz/kz

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елшіні тағайындады, деп жазды qandastar.kz

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Асқар Жеңісұлы Жеңіс Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Дәулет Қасекенұлы Батырашев Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;

Жан Сержанұлы Ғалиев Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Талғат Рахымқұлұлы Шалданбай Қазақстан Республикасының Ирак Республикасындағы, Палестина Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp