Мазмұнға өту
qandastar.

Президент «Халықтық құрылыс» бастамасын ұсынды

Бақытжан Мұса
Ақорда
Ақорда

Қазақстанда 70-ке жуық денсаулық сақтау нысаны салынып, білім, спорт және мәдениет мекемелерінің құрылысы қолға алынбақ. Сонымен қатар елді мекендерге газ бен таза ауыз су тарту жоспарланып отыр. Qandastar.kz сайты хабарлады.

Бастама аясында өңірлерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға басымдық беріледі. Атап айтқанда, денсаулық сақтау саласында 70-ке жуық нысан салу көзделген.

Олардың қатарында емханалар, ауруханалар, жедел медициналық көмек станциялары, балаларға арналған оңалту орталықтары және ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған нысандар бар.

Сондай-ақ елді мекендерде 50-ге жуық білім беру, спорт және мәдениет мекемесін салу жоспарланып отыр.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында да бірқатар жоба іске асырылмақ. Атап айтқанда, елді мекендерді газбен және таза ауыз сумен қамтамасыз етуге қаржы бөлінеді.

Үкімет жыл соңына дейін бастама аясында жүзеге асырылатын нақты жобалардың бастапқы тізімін әзірлеуі тиіс.

«Халықтық құрылыс» бастамасы әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және өңірлердің тұрақты дамуына бағытталған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp