Мазмұнға өту
qandastar.

Президент индустриядағы ЖИ-міндеттерді тұрақты жаңарту тәртібін әзірлеуді тапсырды

Бақытжан Мұса 88 қаралым
Ақорда
Ақорда

Президент индустриядағы өзекті ЖИ-міндеттерді тұрақты жаңартып отыруды тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке ұлттық компаниялармен және жеке бизнеспен бірлесіп, өнеркәсіптегі өзекті жасанды интеллект міндеттерін айқындау және оларды тұрақты жаңартып отыру тәртібін әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты.

Мемлекет басшысы кәсіпорындарда цифрландыру жұмыстарының кей жағдайда жекелеген операцияларды автоматтандырумен ғана шектелетінін атап өтті. Оның айтуынша, өндіріс үдерістерін толық трансформациялау қажет.

Президент Үкіметке «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, негізгі бизнес-үдерістері жасанды интеллект арқылы кешенді түрде өзгертілетін кәсіпорындарды анықтауды тапсырды. Сәтті жүзеге асқан модельдерді кейін бүкіл ел бойынша тарату ұсынылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев қолданбалы ғылымды күшейтудің маңызын да атап өтті. Ол Qazaq AI Research University жоғары білікті мамандар даярлайтын орталықпен қатар, өнеркәсіптің нақты мәселелерін шешуге бағытталған қолданбалы зерттеулер жүргізетін алаң болуы керектігін айтты.

Президенттің сөзінше, ЖИ-ге қатысты өзекті міндеттерді өндірісте тікелей жұмыс істейтін инженерлер, технологтар, шеберлер мен операторлар анықтауы керек. Себебі өндірістегі шығындар, жабдықтардың тоқтап қалуы және басқа да мәселелерді осы мамандар жақсы біледі.

«Үкіметке ұлттық компаниялармен және жеке бизнеспен бірге индустриядағы өзекті ЖИ-міндеттерді айқындау және ұдайы жаңарту тәртібін әзірлеуді тапсырамын», – деді Мемлекет басшысы.

Бөлісу: Telegram WhatsApp